Мемлекеттiк мекеменiң түрi: коммуналдық.
Мемлекеттiк мекеме «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 986 қаулысымен құрылды.
Мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі - құрылтайшысы) болып табылады.
Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Мемлекеттiк мекеменiң мүлкiне қатысты құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады.
спорт түрлері![]() |
біздің мақтаныштарымыз![]() |
жаңалықтар![]() |