Басты бет » Құжаттар

Жарғы


Қызылорда облысының

қаржы басқармасының 

  2013 жылғы «___» _________ 

        № __ бұйрығымен бекітілген

  

«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінiң

Ж А Р Ғ Ы С Ы

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасыныңоблыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - мемлекеттік мекеме) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшелерін және үміткерлерін, халықаралық деңгейдегі жоғары білікті спортшыларды дайындау функциясын қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшiн мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесiне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

            2. Мемлекеттiк мекеменiң түрi: коммуналдық.

            3. Мемлекеттiк мекеме «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің                  2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 986 қаулысымен құрылды.

            4. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі - құрылтайшысы) болып табылады.

            5. Мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.

Мемлекеттiк мекеменiң мүлкiне қатысты құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын,  облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган) болып табылады.

            6.  Мемлекеттік мекеменің атауы:

мемлекеттік тілде: «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасыныңоблыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Областная школа высшего спортивного мастерства управления физической культуры и спорта Кызылординской области».

7. Тұрған жерi: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы,                        индексі 120008, Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 2.

 

2. Мемлекеттiк мекеменiң заңдық мәртебесi

 

            8. Мемлекеттiк мекеме ол мемлекеттiк тiркелген кезден бастап құрылды деп есептелiп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.

            9. Мемлекеттiк мекеменiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерiмi, банкте шоттары, бланкiлерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк мекеменiң атауы жазылған мөрi болады.

            10. Мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

            11. Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң кепiлдiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша құрылтайшысы субсидиарлық жауапты болады.

12. Мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерi, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнде тiркелгеннен кейiн, күшiне енедi.

 

3. Мемлекеттiк мекеме қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

 

            13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні жоғары спорт шеберлігі мектебі (бұдан әрі - ЖСШМ) мемлекеттік мамандандырылған оқу-спорттық және әдістемелік-ұйымдастыру болып табылады. ЖСШМ мақсаты спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасын толықтыру үшін, халықаралық деңгейдегі жоғары білікті спортшылар мен үміткерлер дайындауды жүзеге асыру болып табылады. Өз құрамында спорттық жетілдіру (СЖ) мен жоғары спорт шеберлігі (ЖСШ) топтарының деңгейіне сәйкес спортшылармен жасақталады. ЖСШМ ақпараттық-әдістемелікті қамтамассыз етуге, спорт мектептерінің оқытушы-жаттықтырушыларының оқу жаттығу жиындарында біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

         14.Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшелерін және үміткерлерін, халықаралық деңгейдегі жоғары білікті спортшыларды дайындау болып табылады.

            15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

            1) оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастырып,өткізуді қамтамасыз етеді;

            2) белгіленген тәртіппен бекітілген мектептің күнтізбелік жоспарына сәйкес облыстық,республикалық,халықаралық  спорттық іс-шараларды өткізеді және қатысады;

            3) қабілетті спортшыларды айқындау және команда жасақтау. Республикалық,халықаралық,жарыстарға (мерзім алдында) дайындық үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;

            4) ЖСШМ-де бар спорт түрлерінен облыстың спорт мектептеріне  жаттықтырушылары мен әдіскерлеріне  ақпаратты-әдістемемен қамтамассыз ету;

            5) Қазақстан ұлттық құрама командасына жоғары дәрежелі спортшылар дайындайды;

6) спорт түрлері бойынша ұлттық, облыс  құрама командасына үміткер  спортшыларды материалды-техникалық, ғылыми-әдістемелік, медико-биологиялық тұрғыда қамтамассыз ету;

7) ЖСШМ-нің басқа қызметкерлерінің және оқытушы-жаттықтырушылар құрамын кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

            8) мемлекеттік мекеменің оқу жылы 1-ші қаңтардан басталады;

            9) оқу-жаттығу үдерісінің негізгі нысандары:

            - топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар;

            - оқу-жаттығу жиындары;

            - жеке жоспарға сәйкес сабақтар;

            - қайта қалпына келтіру, профилактикалық алдын алу және сауықтыру шаралары;

            - медициналық-биологиялық және биохимиялық зерттеулер;

            - жарыстарға қатысу;

            - педогогикалық тестілеу;

            10) оқу-жаттығу сабақтары, әрбір спортшыға жаттықтырушы-оқытушылармен және әдіскер-нұсқаушымен жасалған жеке жоспарлар негізінде өтеді, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарының бір жаттығу сабағының ұзақтығы – 4 академиялық сағаттан аспауы керек;

            11) спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушылардың жүктемесі аптасына 24 сағат көлемінде құрылады. Директорға, директордың орынбасарына, аға әдіскер-нұсқаушыға, әдіскер-нұсқаушыға өзінің мектебінде күніне 2 сағат (аптасына 12 сағат) оқу сабақтарын жүргізуге рұқсат етіледі. Бұл спорт түрлерінен жаттықтырушы-оқытушыларға берілетін жүктеме есебімен, заңды түрде жүргізіледі;

            12) жоғары спорт шеберлігі оқу топтары құрамында, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамының негізгі құрам мүшесі болса, онда сағат санын аптасына 36 сағатқа көтеруге болады;

            13) спортшылардың әр түрлі деңгейдегі жарыстарға сапалы дайындығы үшін, оқу-жаттығу жұмыстарына бөлінген қаржы көлемінде облыстық жарыстар алдында  18 күн, ал республикалық және халықаралық жарыстар алдында 24 күндік оқу-жаттығу жиындары өткізіледі;

            14) оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар қолданыстағы құқықтық нормативтік  актілеріне  белгіленген шығыс мөлшері көлемінде, тамақтандыру, орналастыру, балауыз-глюкозалық дәрі-дәрмектер, фармокологиялық қалпына келтіру дәрілерімен қамтамассыз етіледі;

            15) оқу топтарының жинақталуы және оқу жаттығу жұмысының тәртібі, спортшылардың шеберлігін есепке ала отырып, Құрылтайшының нұсқаулығына сәйкес анықталады;

            16) спортшы-оқушылардың шеберлік деңгейіне қойылатын талаптар:

            - спорттық жетілдіру кезеңіне командалық спорт ойындары мен жеңіл атлетика,  байдарка және каноэде ескек есу, спорттық гимнастика-І спорттық разряд, басқа спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» көрсеткішін орындаған спортшылар қабылданады;

            - жоғары спорт шеберлігі кезеңіне командалық спорт ойындары мен жеңіл атлетика, акедемиялық ескек есу, байдарка және каноэде ескек есу, спорттық гимнастикаға «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» көрсеткішін, басқа спорт түрлерінен «Қазақстан Республикасының спорт шебері» көрсеткішін орындаған спортшылар қабылданады;

            17) оқу топтарына Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының негізгі және жастар құрамына кіретін - Әлем, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының  жеңімпаздары қабылданады;

            18) спорттық жетілдіру топтары оқушыларының тізімдік құрамын тиісті саланың уәкілетті органы, жоғары спорт шеберлігі топтары оқушыларының тізімдік құрамын Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агентігі бекітеді;

            19) СЖ топтарының оқушыларын ЖСШ тобына ауыстыру оқу өтілі мен жаттықтырушылар кеңесінің шешімі негізінде ЖСШМ-нің директорының бұйрығымен жүзеге асырылады. Нормативтік талапты орындай алмаған оқушылар келесі оқу жылына ауыстырылмайды, тек ЖСШ тобының спортшысы педогогикалық кеңес шешімімен оқуын келесі жылы жалғастыруы мүмкін бірақ, осы дайындық кезеңінде бір мәртеден артық емес. СЖ және ЖСШ топтарына қабылданған спортшылардың жасы, осы топтарға берілген нормативтік талаптарды орындаған жағдайда шектелмейді.      

            Мемлекеттiк мекемеге жарғыда бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.

            16. Мемлекеттiк мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәмiле, Қазақстан Республикасының шектеулi заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасалған мәмiле тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органының) немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы орган не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

            17. Мемлекеттiк мекеме басшысының мемлекеттiк мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.

4.                Мемлекеттiк мекеменi басқару

 

18. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған басқарма жүзеге асырады.

19. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттiк мекемеге мүлiктi бекiтiп беру жөнінде ұсыныс береді;

2) мемлекеттiк мекеменiң жеке қаржыландыру жоспарын бекiтедi;

3) мемлекеттiк мекеме мүлкiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

4) мемлекеттiк мекеменiң басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешiмдер қабылдау тәртiбiн және лауазымдар номенклатурасын анықтайды;

5) мемлекеттiк мекеме директорының құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн, оны лауазымынан босату негiздерiн айқындайды;

6) мемлекеттiк мекеменiң құрылымы мен шектi штаттық санын бекiтедi;

7) мемлекеттiк мекеме директорының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) тағайындайды және лауазымынан босатады;

8) жылдық қаржы есептiлiктi бекiтедi;

9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға, мемлекеттiк мекемеге берiлген немесе өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде олар сатып алған мүлiктi алып қоюға немесе қайта бөлуге келiсiмiн бередi;

10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға мемлекеттiк мекеменің филиалдар мен өкiлдiктер құруына ұсыныс бередi;

11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға, мемлекеттік мекеме ережесін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс береді;

12) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның келiсiмi бойынша мемлекеттiк мекемеде қайта ұйымдастыру және таратуды жүзеге асырады;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

            20. Мемлекеттiк мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

            21. Мемлекеттiк мекеменiң директоры мемлекеттiк мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, уәкiлеттi органына тiкелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына және мекеменің мүлкінің сақталуына жеке жауапты болады.

            22. Мемлекеттiк мекеменiң директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етедi және мемлекеттiк мекеме қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттiк мекеменiң Жарғысында айқындалатын өз құзыретiне сәйкес дербес шешедi.

            23. Мемлекеттiк мекеменiң қызметтi жүзеге асыруы барысында мемлекеттiк мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен:

            1) мемлекеттiк мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет етедi;

            2) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн бiлдiредi;

            3) шарттар жасасады;

            4) сенiмхаттар бередi;

            5) мемлекеттiк мекеменiң iссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлердi қазақстандық және шетелдiк оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылатудың басқа да түрлерiне байланысты тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;

            6) банк шоттарын ашады;

            7) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

            8) тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

            9) мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;

            10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттiк мекеменiң басқа да басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiк аясын айқындайды;

  11) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын  ұйымдастырады;

  12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады және аталған жұмысқа дербес жауапкершілікте болады;

            13) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен және уәкiлеттi органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

5. Мемлекеттiк мекеме мүлкiнiң құрылу тәртiбi

 

            24. Мемлекеттiк мекеме мүлкiн бағасы оның теңгерiмiнде айқындалатын заңды тұлғаның активтерi құрайды. Мемлекеттiк мекеменiң мүлкi мыналардың:

            1) оған меншiк иесi берген мүлiк;

            2) өз қызметi барысында сатып алған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда);

            3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерi есебiнен құрылады.

25. Мемлекеттiк мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

26. Мемлекеттiк мекеме дербес иелiктен шығаруға немесе оған бекiтiлген мүлiк пен оған смета құралдары бойынша бөлiнген мүлiкке өзгеше тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

27. Мемлекеттiк мекеменiң қызметi тиісті бюджеттен қаржыландырылады.

28. Мемлекеттiк мекеме бухгалтерлiк есеп жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептiлiк ұсынады.

29. Мемлекеттiк мекеменiң қаржылық-шаруашылық қызметiн тексеруді және ревизия жүргізуді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен басқарма жүзеге асырады.

 

6. Мемлекеттiк мекемедегi жұмыс тәртiбi

 

            30. Мемлекеттiк мекеменiң жұмыс тәртiбi iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларымен белгiленедi және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуi тиiс.

           

7. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi

 

31. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.

32. Мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеледi.

 

8. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

            33. Мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Директор______________________ Жалдыбаев А.