Басты бет » Мектеп туралы

Мектеп тарихы


 

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тарихы

  

Қызылорда облысының әкімдігінің «Қызылорда облысының туризм дене шынықтыру және спорт басқармасының Қызылорда облысының  жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік мекемесін құру туралы 2010 жылдың 30 желтоқсанындағы №986 қаулысына сәйкес, 2011 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебі ашылды.

Мектеп спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшелерін және үміткерлерін, халықаралық деңгейде жоғары білікті спортшыларды дайындайды. Өз құрамында спорттық жетілдіру мен жоғары спорт шеберлігі топтары жасақталған.

Мектеп ғимаратында мамандандырылғанбүгінгі заманауи талаптарға сай жабдықталған: 540 ш.м. құрайтын дзюдо залы, 288 ш.м. құрайтын кикбоксинг залы, 162 ш.м. құрайтын ауыр атлетика және стенд ату залдары бар.

2011 жылы ЖСШМ-де 14 спорт түрі (ауыр атлетика, дзюдо, бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, таеквондо, гандбол, көгалдағы хоккей, велоспорт, каратэ-до, кикбоксинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика) жұмыс істеді.

Мектепте 2012 жылы Стенд ату, байдарка және каноэде есу бөлімшелері және 2015 жылдан бастап мүгедектер спорты бойынша үш бөлімше ашылды, Олар: пауэрлифтинг, жеңіл атлетика және отырып ойнау волейболы.

Жоғары спорт шеберлігі мектебінде 6 - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, 27 – Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері, 100 – Қазақстан Республикасының Спорт шебері, 71 - Спорт шеберіне үміткер. 

Бүгінге күнге мектепте 14 спорт түрімен 204 спортшы шұғылданады. Оның ішінде 11 олимпиадалық, 1 олимпиадалық емес, 2 ұлттық спорт түрлері.

Мектептен Қазақстан Республикасының намысын халықаралық жарыстарда қорғаған көптеген жоғары дәрежелі спортшылар даярланды:

Атап айтқанда:

Ильин Илья  - ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014ж.);

Зайчиков Александр - ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, (2016ж.), Әлем чемпионы (2015ж.);

Ниязбеков Даулет - еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2012ж.), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019), Азия чемпионы (2015, 2016, 2018ж.);

Усербаев Ғалымжан - еркін күрестен ҚР ХДСШ, ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2016 ж.); Қарулы күштер арасында әлем чемпионы (2014 ж. );

Есбергенова Айнұр - таэквондодан ҚР СШ, ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (2016ж.);

Қоңқабаев Қамшыбек - бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019ж), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019 ж);

Елеусінов Хакімжан - тоғызқұмалақтан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионы (2012, 2015, 2017ж);

Сұлтанғали Айдос - грек рим күресінен ҚР ХДСШ, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018 ж);

Медетов Мерей - байдарка және каноэде есуден ҚР ХДСШ, Азия ойындарының қола жүлдегері (2018 ж);

Құлахмет Тұрсынбай - бокстан ҚР ХДСШ, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2019 ж), Азия чемпионы (2019 ж);

Сәлімгереев Нұрым - қазақ күресінен ҚР ХДСШ, Әлем чемпионы (2019 ж);

Жаңбырбай Мөлдір - каратэ додан ҚР ХДСШ, Әлем чемпионы (2016 ж);