Басты бет

Енгізілді: 18.11.2020Қаралғаны: 3 рет
Бекболат Рахат Әлем кубогының жеңімпазы

Лима (Перу) қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Әлем кубогы өтіп жатыр. Онлайн форматта өтіп жатқан халықаралық бәсекеге Қызылорда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Бекболат Рахат 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысып, қоссайыс нәтижесінде жалпы 319 (140+179) келіні бағындырып, әлемдік жарыста топ жарды.