Басты бет

Енгізілді: 11.01.2021Қаралғаны: 9 рет
Бекболат Рахат 2020 жылдың үздік спортшысы

Vesti.kz оқырмандары Қазақстанның 2020 жылғы ең үздік спортшысын таңдады. Қызылорда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің ауыр атлетика бөлімшесінің спортшысы Рахат Бекболат атанды.
Дауыс беру сайт арқылы өтіп, Рахат Бекболат ең көп дауыс жинады (55 пайыз).
Ауыр атлетші жыл басында Ташкентте өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, алтын алды. Бекболат (102 келіге дейін) жастар арасында әлемдік рекордты жаңартты. Серпе көтеруде 198 келіні көтеріп, ең жоғарғы нәтижеге жетті.
Қараша айында өткен жастар арасында Әлем кубогында ауыр атлетшіміз жоғары нәтиже көрсетіп, айқын жеңіске жетті.